Таразда «Болашақ үшін естелік» тақырыбында тарихи-танымдық онлайн конференция өтті

0 5

  Таразда  облыстық ҚХА және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай, «Болашақ үшін естелік» тақырыбында тарихи-танымдық онлайн конференция өтті,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Іс- шараның мақсаты-  тарихи сананы қалыптастыру, жалпы тарих пен жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық біртектілікті нығайту, болашақ ұрпақ үшін тарихи жадыны сақтау жолында азаматтық қоғамды біріктіру.

    Онлайн конференцияны М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова жүргізді.

Алғашқы баяндаманы  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Режеп Баярисов жасады.  Баяндамашы  1932-1933 жылдары «Қазақстанда орын алған ашаршылық және оның саяси себептері мен салдарлары» тақырыбында сөз қозғады.

-«Қазақ үшін қайғы-қасіретті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ емес. Біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу» — деді Ол.

Сонымен қатар,аталған оқу орнының оқытушылары Сейдахан Бақторазов,  «Әулие ата өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: Ақиқат пен қауесет», Жанна Сейтқұлова  «Жамбыл облысына депортацияланған этностар», (Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, төраға орынбасары) Исмайл Хаджимуратов «Өмірін ұлын күтумен өткізген Шекер әже жайлы толғау» тақырыптарында баяндамаларын жасады. Конференцияның соңында  қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.