Мойынқұмдық тұрғын ара шаруашылығын дамытуда

0 1

Мойынқұм  ауданының тұрғыны омарта ұстап, ара шаруашылығын дамытуда. Құпиясы мол, аса ұқыптылықты қажет ететін кәсіппен айналысуды қолға алған Әбіш Иманбеков мемлекеттің қолдауын көріп отыр,-деп хабарлайды  “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында  218 омарта, олардың құрамында барлығы 78 830 мың ара ұясы бар. Олардың тек 60-ы ғана ресми тіркеліп, мәліметтер базасына енген. 2016 жылдан бері өңірде «Омарташылар палатасы» құрылып, жұмысын жалғастыруда. Осындай құпиясы мол кәсіптен нәсібін айырып отырғандардың бірі- мойынқұмдық Әбіш Иманбеков. Омарташы таза бал өндіріп, мемлекеттің қолдауына ие болған.  Ол,  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2 бағыты бойынша  (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) 500 мың теңге несие алып, кәсібін   дөңгелетуде .

Бүгінде республикада ара шаруашылығымен айналысушыларға берілетін субсидия көлемі де артқан.

-Бұл кәсіппен айналысамын деген адамға мемлекет көмегін аямайды.  10 омарта болса арнайы мемлекеттік бағдарламамен берілетін көмек алуға болады. Өзім қатарлы жастарды еңбек етуге шақырамын,-деді Әбіш Иманбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.