Жамбыл облысындағы бүтін бір ауыл шаруашылықпен айналысады

0
3

Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында 100 ден астам шаруашылық тіркеліп, бүтін бір ауыл кәсіппен айналысуда. Олардың бірі егін ексе, енді бірі мал басын асылдандырып, ет бағытында жұмыс істеуде, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Облыс бойынша егінді жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінде өңірдегі егістің 50 пайыздан астамы орылды. Мәселен, Қордай ауданының таулы аймағында орналасқан Кенен ауылының еңбеккерлері де бұл іске білек сыбана кірісуде,
Мал және егістікпен айналысатын Кенен ауылында 100-ден аса шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Олардың ең ірісі “Қанағат” шаруа қожалығы. Қазір шаруашылық табиғи шөпті орып, мал азығын дайындап жатыр. Таулы аймақта ақ егіс өзге өңірлерге қарағанда кешірек піседі. Ал, еңбеккерлер жаздық арпаны оруға техникаларын дайындап отыр. “ҚазАгроҚаржы” және кәсіпкерлерді қолдау бойынша қомақты қаржыға қол жеткізіп, жаңа техникалар мен комбайндар алған.

— 2020 жылы “ҚазАгроҚаржы” АҚ –дан 100 млн-га жуық қаржыға қол жеткіздік, 6 трактор және қосымша техникалар алдық. Сондай-ақ, “Аграрлық несие корпорациясынан” 290 млн теңге қаржы алып, 500 бас абердин-ангус асыл тұқымды сиырларын әкелдік. Бұл тұқым ет бағытына таңдалды. Өнімін Алматыға өткереміз. Бұған қоса отандық 1 комбайн алдық, — дейді шаруашылықтың бас менеджері Дархан Көкетай.

Ауылдың ажары ашылып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түсуіне осындай шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер аз үлесін қосып отырған жоқ. Сондай-ақ, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға көмек қолдарын созып жатыр.
— Бүгінгі таңда 2 ірі қара сойылып, 60 отбасыға еттей таратылып берілді. Алматы қаласынан осы ауылдың азаматтыры 300 мыңдай көмек жіберді. Бұған қоса, ауыл азаматтары 400 мың теңге жинап, азық-түліктер таратып өз көмектерін беріп жатыр, — дейді Кенен ауылдық округінің әкімі Нұркен Жаманкөзов.

Ауылда әліде жүзеге асырылатын жобалар жетерлік. Қазіргі таңда көшелер жөнделіп, жарықтар тартылған және көгілдір отыныда бар. Енді су құбырларын жаңарту үшін 132 млн теңгенің сметалық құжаттары дайындалып отыр.

Осылайша жамбыл облысындағы бүтін бір ауыл шаруашылықпен айналысады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here