Көкжелекте шағын футбол алаңы ашылды

0
14

Бүгін Мойынқұм ауданы, Қызылтал ауылдық округіне қарасты Көкжелек ауылында шағын футбол алаңы ашылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков, ауыл әкімі Мұхит Тілеужанов және ауыл ақсақалдары қатысты.

Алаңның ашылу лентасын салтанатын аудан әкімінің орынбасары А.Нәметқұлов пен ауыл ақсақалы М.Сартов қиып, ауыл жастарға құттықтау тілек айтты.

Аталмыш футбол алаңшасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында соғылып отыр. Жалпы сметалық құны 11340,0 мың тенгеге жеке кәсіпкер «Кәусар» ұтып, жоспарға сәйкес уақытында аяқтап отыр.

Алаңшаның ашылу барысына ауыл жастарының футбол командасы қатысты. Шара барлық санитарлық талаптар сақталып өтті.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here