Еліміздің тірегі – бүгінгі жастар

0 7

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбекпен «Еліміздің тірегі – бүгінгі жастар» тақырыбында онлайн кездесу өтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Онлайн кездесу барысында Уәлихан Болатбек партия жұмысының тарихына кеңінен тоқталып, жастар мәселесін алға тартты. Атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларын жеткізді.

Жастар арасындағы мемлекеттік саясатқа деген қызығушылық, үкімет тарапынан жастарға берілген мүмкіндік, еріктілердің міндеттері мен белсенділердің жүйелі жұмыстарына жете тоқталды.

Сондай-ақ, карантин режимі кезінде партия тарапынан 16000 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілгендігін де атап өтті.

Онлайн оқырмандар тарапынан жастар мәселесіне байланысты қойылған сауылдардың барлығына жауап беріп, пайдалы ақпараттарымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.