Сарысу ауданында 9 мектеп қашықтықтан оқиды

0 0

Сарысу ауданында 2020-2021 оқу жылында пандемияға байланысты 9 мектеп қашықтықтан, 18 шағын жинақты мектеп штаттық режимде жұмыс жасайды, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Биыл аудан мектептерінде 1233 ұстаз еңбек етіп, 9212 оқушы білім алатын болады. Жылдан-жылға білім нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа озық технологиялармен жабдықтау жүзеге асуда.

Аталмыш мектептерде білім және ғылым министрлігінің бекіткен қағидасы мен бас санитарлық дәрігердің бекіткен талаптарына сәйкес санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.

Осыған орай, аудан әкімі Б.Жақсылықов Байқадам ауылдық округіндегі Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде болып, жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Өткен жылы мектеп қабырғасында 947 оқушы білім алса, биыл 971 оқушыға артқан.

Білім ошағын аралау барысында Б.Жақсылықов интернетке қосылу, ғимараттың сыртқы қоршауы мен қыс маусымына дайындығын және сабақ өтетін сыныптардың материалдық-техникалық базасымен жеке-жеке танысып, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорына нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.