Отбасы-мемлекет пен қоғамның іргетасы

0
28

Бүгін отбасы күніне орай Мойынқұм аудандық орталық кітапханада дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қоғамның маңызды бөлшегі, ұлт тірегі отбасы құндылығы қашанда алдыңғы орында. Отбасы мемлекет пен қоғамның іргетасы болып табылады. Қашанда тәртіппен заң өзгерсе де отбасылық құндылықтар өзгермейді. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алатыны да белгілі.

Отбасы туралы ұғымдарды, отбасындағы тәрбиенің рөлі мен отбасы құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту мақсатында ұйымдастырған шараны аудандық орталық кітапхананың әдіскері С.Кулекеева ашты.

Сонымен қатар, Мойынқұм ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ғ.Шубаева отбасы күнімен құттықтап, отбасындағы тәрбиенің ролі жөнінде кеңінен атап өтті.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор менгерушісі А.Ноғайбекова «Отбасы тәрбиесі – қуатты мемлекет негізі» тақырыбында баяндама оқыса, аудандық орталық кітапхананың әдіскері М.Шубаева жанұялық-демографиялық қарым-қатынастарды талқыға түсірді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар мерекемен құттықтап, отбасылық өмірде амандық тіледі.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here