Мойынқұмда жоғалған баланы іздестіруге тікұшақ жұмылдырылды

0 0

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында Көшаман ауылында жоғалған жеті жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. Ол кеше сағат 15:00-дер шамасында үйінен атқа мініп шығып кеткен. Содан бері баладан хабар жоқ, — деп хабарлайды   “ZhambylNews” AA.

Баланы іздестіруге полиция қызметкерлері, әкімдік, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, жалпы 250 адам жұмылдыпылды. Бұған қоса, Ұлттық ұланның 150 адамы мен Меркі аудандық полиция бөлімінің 30 қызметкері қосымша күш ретінде тартылған.

Жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама барысында баланы кешкі сағат алты шамасында Кушаман ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының жанынан көргендер бар болып шықты.

Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің тікұшағы мен жергілікті орман шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің АН-2 ұшағы жұмылдырылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті жоғалған балаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін адамдарға 8 (7262) 2-49-02, 99-73-39, 8-775-376-66-93 телефондары және «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Баланың белгілері: арықша келген, бойы 120 см, қара шашты. Үстіне сұр футболка, қызыл кепка, қысқа шалбар және қара кроссовка киген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.