Сарысу ауданының полиция бөліміне 17 қызметтік автокөлік тарту етілді

0 20

Сарысу ауданының полиция бөліміне 17 қызметтік автокөлік тарту етілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні полицейлерге ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен міндеттер жүктеліп отыр.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Үкіметке «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігін айтып, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін заңнама арқылы арттыруды тапсырды.

Аудандық полиция бөлімінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалмбетов, аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов, Сарысу ауданы прокуроры Аслан Әбілдаев болып, жаңадан тағайындалып жатқан Сарысу ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асxат Алметовты Сарысу ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Әбдіманап Шілманбетовты көпшілікке таныстырды.

Шара барлық сақтық шараларын сақтап өтті. Соңғы уақытта облыс көлемінде полиция қызметкерлеріне материалдық және техникалық жағынан қамтылуына барынша қолдау көрсетілуде.

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу аудандық полиция қызметкерлеріне 17 автокөлік алып берді.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалмбетовтер құттықтау сөз сөйлеп, атокөліктердің кілтін табыс етті.

Жақында ғана облыс басшысы Шу ауданында өткен оқу-жаттығу жиынында облыстық учаскелік полиция қызметкерлері арасындағы «Үздік учаскелік полиция қызметкері» байқауының нәтижесін жариялап, байқау жеңімпаздарын марапаттады. Сол байқауда өз әріптестерінен озат атанған Байқадам ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Руслан Мұсаевта бүгінгі су жаңа автокөліктің кілтіне ие болып, өзінің алдағы уақытта адал қызмет ететіндігі жөнінде жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.