Жуалыда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 6 отбасыға үй табыс етілген

0 1

Жуалы ауданында «Асарлатып үй салу» акциясы аясында жеке кәсіпкерлердің және меценаттардың демеушілігімен тұрғын үйге мұқтаж аз қамтылған, көп балалы 10 отбасыға үй беру жоспарланып, ағымдағы жылы 6 отбасына үй табыс етілген, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі. 

— Азаматтық бастамаларды ынталандыру, өңір қажеттіліктеріне қолдау көрсетуге бағытталған «Туған жер» жобасы аясында барлығы 165 млн теңгеге 7 жоба (3 тұрғын үй, 1 мешіт, 1 инфрақұрылымды дамыту жобалары, 2 әлеуметтік көмектер) жүзеге асырылды. Жуалылық жерлестер аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берді. Оның ішінде 30 оттегі баллоны, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, 5000 дана №95 респираторлар және 10 дана оттегі концентраторлары бар, — деді Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков «ӨКҚ» — нің  ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте.

Әкімнің айтуынша, Жуалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасының 13 арнайы жобасын іске асыруға жергілікті атқарушы органдармен қатар, азаматтық қоғам иснтитуттары жұмылдырылған. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 686 іс-шара өткізілген.

Бағдарлама мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында ағымдағы жылы 765 материал жарияланды.

Өткен жылы барлығы 16 млн 500 мың теңгеге 9 жоба, 750 мың теңгеге 306 іс-шара ұйымдастырылып, 23221 астам адам қамтылған. 2019 жылы Жуалы ауданы әкімдігі рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруда ерекше белсенділігі үшін облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.