Қарттарым — асыл қазынам

0 6

Сарысу аудандық орталық ауруханасында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс – шара өткізілді, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, сөзі – соқпақ, сөзі – нәр, — демекші ауруханада қарттар күніне орай ұйымдастырылған кездесуде медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шықса да қатарынан қалмай жүрген ардагерлер Дүкенбай Наурызбайұлы, Зина Төленқызы өткен еңбек жолдарын еске түсіріп, қуанышты лебіздерін білдірді.

Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Багила Бегманова мен кәсіподақ бастауыш ұйымының төрайымы Айткул Рысбекқызы қарттарды мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты жиынға қатысқан ардагерлерге гүл шоқтары мен жеміс-жидек себеттері тарту етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.