Сарысуда кәсіпкерлік жандануда

0 0

Сарысуда «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген кәсіпкерлердің жұмыс барысымен бөлім басшысы Б.Шалабаев танысып шықты, деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Соның ішінде Жаңатас қаласында орналасқан цехтарға тоқталсақ.  Жеке кәсіпкер «Жаппарова» шаруашылық сабынын шығаратын цех тапсырыс бойынша бір қалыпты жұмыс жасауда күніне 300-400 дана шығаратынын және бағаларын аудан халқына тиімді 60-70 теңгеден сатуда. Алдағы уақытта кәсіпкер цехты ұлғайту жоспарда екенін айта кетті.

Одан кейін Б.Шалабаев жеке кәсіпкер «Санжар» зығыр майын өндіру цехын көрді цехтағы қондырғы орнатылған зығыр майын өндіру үшін кәсіпкер мақсары өнімін егістіктен жинауда екенін айтты.

Бөлім басшысы өз тарапынан кәсіпкерлерге қазіргі кездегі мемлекеттік қолдаулар бойынша ақпаратты түсіндірді және цехтарын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды. Сөз соңында бұл цехтардың аудан экономикасына тигізер үлесі мол екендігін айта кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.