Мойынқұмда ауыл шаруашылығы күніне орай қортынды жиын өткізілді

0 1

Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығы күніне орай аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы «Абылайхан» атындағы орталық алаңда аудан еңбеккерлері мен тұрғындардың қатысуымен қортынды жиын өткізілді, деп жазады “ZhambylNews” АА.

Күзгі жиын терін жұмыстарын қорытындылау мақсатында ұйымдастырған шарада арзандатылған ауыл шаруашылығы тауарлары ет, сүт, балық, тары, талқан т.б сатылған жәрмеңкесі ұсынылып, халық көңілінен шықты.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларының қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесі де жаңарған алаңға көрік қосқандай болды және аудан тарихынан сыр шертетін фильм көрсетілді.

Бұған қоса, орталық алаң сахнасында мерекелік концерт ұйымдастырылып, аудан басшысы Мәден Мұсаев аудандағы еңбек ардагерлерін марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстап, еңбектеріне жеміс тіледі.

Айта кетейік, жиын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.