Жамбыл облысында жоғалған 13 жастағы жасөспірім басқа қалаға анасын іздеп барған

0 7

Жамбылдық полицейлер із-түзсіз жоғалған 13 жастағы жасөспірімнің тұрған жерін анықтады. Бала Шымкент қаласына анасын іздеп барған, – деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 27 қарашасында сағат 03:10-да Жамбыл АПБ-ға Жамбыл ауданының 66 жастағы тұрғыны 26 қарашада немересінің үйден белгісіз бағытта шығып, қайтып келмегені туралы хабарлаған болатын.

Жоғалған баланың 16 жастағы туған ағасы інісінің Шымкент қаласында күтуші болып жұмыс істейтін анасын сағынып, жиі қоңырау шалып жүргенін айтқан.

«Баланың із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімнің тұрған жері анықталды. Бала Шымкент қаласына жол бойынан ұстаған көлікпен жеткен. Жүргізушіден анасының үйіне апарып тастауды өтінген. Баланың айтуынша, енгізілген карантинге байланысты ол қашықтан оқытуға көшкен. Осыған орай, оның анасы карантин кезеңінде балаларды бұрынғы күйеуінің анасына уақытша тұруға жіберуге шешім қабылдаған. Анасын қатты сағынған жасөспірім Шымкент қаласына баруға бел байлаған»,-делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.