Өрге басқан өнеркәсіп

0 0

Қаланың өнеркәсіп саласы жыл соңына дейін  272 млрд.  260,2 млн. теңгеге өнім өндірмек. Былтыр бұл көрсеткіш 275 млрд. 280,2 млн. теңге  болған. Ал ауыл шаруашылық саласында өнім өндіру көлемі 8 млрд. 992,3 млн. теңгені құраған. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бұдан өзге салаларда да оң өзгеріс болатынын айтты, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мәселен, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 296,4 мың шаршы метрді құрайды екен.  Бөлшек сауда тауар айналымы 242 млрд-тан асады деп жоспарланып отыр.

Биыл Таразда салықтан түскен түсім де ауыз толтырып айтарлық. Мемлекеттік бюджетке 41,3 млрд. теңге салық  пен өзге де міндетті төлемдер түскен. Оның ішінде,  облыс бюджетіне құйылған салық қаржысы 28,4 млрд. теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.