Таразда 18 887 адам тұрғын үй кезегінде тұр

0 3

2020 жылы Таразда «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша  3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгінде оның 47-сі жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Қалған 7 үйдің кілті 2021 жылы табысталады. Бұл туралы Тараз қаласыныңәкімі Айтқазы Қарабалаев ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Ал алдағы уақытта 15-ші мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары  толықтай аяқталатын болса, онда 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үй болады. Қазір онда 35 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған.  Сонымен қатар, 2019 жылдан өтпелі 16 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 10 арендалық және 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр.

— Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе ағымды жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 45 пәтерлі 15, 60 пәтерлі 12 және 80 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады. Жалпы алғанда 2435 пәтер пайдалануға беріледі. Бүгінде Тараз қаласында 18 887 адам үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін 765 әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі, деді қала басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.