Халықты қабылдаудан қашпайтын әкім Сарысуда

0 6

Халықты қабылдаудан қашпайтын әкім Сарысуда. Бұл сөзді аудан әкімінің кездесуіне келген тұрғындар айтуда. Қай уақытта болмасын халықпен бетпе бет кездесіп, ешқандай есеп беру жиналыссыз-ақ жүздесетін әкім екен,- дейді қарапайым халық. «Халық айтса, қалып айтпас»деген. Осындай қабылдау бүгін де барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жалғасын тапты, — деп жазады «ZhambylNews»  АА.

Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов Жаңатас қаласы 5, 5А, 6 шағын аудан тұрғындарымен Абылай хан атындағы мектеп лицейінде жолықты.

Кездесуде Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов 2020 жылдың 11 айында атқарған жұмыстарына тоқталды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланып, қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Мәселен, интернет желілерінің жалдамдығы, үйінің алдындағы асфальт жолын жаңарту, алдаға уақытта 5 ш/а аулалардағы жолдарды асфальттау мәселесі назардан тыс қалдырылмауын талап етті.

Сондай-ақ, Иван Диденко 2015 жылы қала әкімдігіне берген өтінішіне сәйкес алған жауабында жолды асфальттау, ойын алаңшалары қойылатыны туралы айтылған. Алайда бұл жұмыстар әлі шешімін таппағанын айтты. Зауреш Жылқайдарова есімді қала тұрғыны 6 ш/а № 15 көпқабатты тұрғын үйді модернизация бағдарламасымен жөндеу мәселесін қарастыруды сұрады. Сондай-ақ кездесуге келген Лаззат Аймағанбетова 6 шағын аудан аумағына заманауи үлгідегі ойын алаңшасын салып беру мәселесін қойды.

Қала тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді аудан әкімі Б.Жақсылықов және қала әкімі Д.Борсықов жиын барысында кеңінен талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылай келе аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берді.

— Тұрғын үй мәселелеріне байланысты туындаған сұрақтарды аудан әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп зеределеп, сұрақ иелеріне жауабын берсін. 6 шағын аудан тұрғындары тарапынан үйлерді жөндеу, су өтетін қабырғаларын қаптау, бос тұрған үйлерді беру, басқа да осы бағыттағы шараларды ұйымдастыру мәселесін зерделеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын. Қалаға газ келу мәселесіне байланысты қала тұрғындарын хабардар етіп, газ жүйесін орнату, тиісті құралдарын қою шаралары бойынша әр үйдің үй басқарушысын белгілеп қала тұрғындары арасында нақты жұмыс жүргізсін! — деді Жаңатас қаласы әкімінің аппараты.

Көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына ересек азаматтар шұғылданатын қосымша спорт тренажерларын қою мәселесін қарастырсын. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыру жұмыстарын үстіміздегі жыл аяғына дейін аяқтасын.

Жиын соңында айтылған ұсыныс-пікірлер, сын-ескертпелер бойынша іс-шаралары жасалынып, орындалуы бақылауға алынуын қатаң ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.