Мен халық жағындамын, әрқайсысың өз жұмыстарыңа жауапты болыңыздар — Бақытжан Жақсылықов

0 0

ҚР Президентi елге арнаған Жолдауында жергiлiктi билiк өкiлдерiнiң тұрғындармен кездесу өткiзiп тұруды тапсырғаны көпшiлiкке мәлiм. Осы мақсатта Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов Жаңатас қаласының 2-шағын ауданында болып, әр шағын аудан тұрғындарымен жеке-жеке кездесулер өткізуде , — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Халықпен кездесу жергілікті жерлердегі мәселелерді анықтауға және оларды шешуге бағытталған. Кездесулерде халық тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешіліп келеді.

Кездесу барысында қала әкімі Д.Борсықов 11-ай қорытындысымен атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті.

—  Мен халық жағындамын, халық айтса қалып айтпайды. Қашанда елдің еңсесін тіктеу жолында еселі еңбек етуіміз керек. Сондықтан тұрғындар талап-тілегін тыңдап, ешқандай ақталмай, өз жұмыстарыңызға жауапты болыңыздар! — деп бірқатар басшылардың жұмыстарына наразы болған халықтың сөзін сөйлеген аудан басшысы баяндама аясында қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Кейбір мекеме-кәсіпорын басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Бегмановаға «Аудандық орталық ауруханаға кәсіби білікті дәрігерлердің (уролог, пульмонолог, нейрохирург) жоқтығына байланысты, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы арқылы жоғарғы оқу орындарымен келіссөздер жүргізсін. Бұл ретте демеушілер арқылы аудандық орталық ауруханаға медициналық аппараттарды алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін»-деген тапсырма берді.

Ал, аудандағы жедел жәрдем автокөліктерінің қыс мезгіліне дайындығы туралы ақпарат ұсынуын талап етті.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Шалбаевқа 2 шағын аудан №29 үйдің тұрғыны З.Мамедованың өтінішіне сәйкес, аталған көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігердің кепілдік уақытысы бар екендігін ескере отырып, мердігердің тарапынан жылу, су жүйесіндегі және шатырдағы орын алған ақаулар ретке келтірілуін жүктеді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Е.Имашевқа, аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Шалбаевқа, Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов, «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-нің директорының орынбасары Д.Жылқыбаевқа 2 шағын №6 үйдің тұрғыны Қ.Айтжановтың өтінішінің негізінде көпқабатты тұрғын үйде ыстық су жүйесі қайта зерделеніп, қалпына келтірілсін. Кварталл ішілік жолға жасанды жол кедергісін орнату, баспалдақтарды жаңарту, балалар ойын алаңшасын модернизациялау жөнінде ұсыныстар енгізілсін. 2 шағын аудан №8 үйдің маңында соғылған гараж құрылысының заңдылығын зерделеп, қолданыстағы Заң аясында іс тиісті сот инстанцияларына берілсін,-деген аудан басшысының жауаптарына халық қуана қол соғып, алғыстарын жеткізді.

Ұсыныс пікірлер назарға алына отырып, аудан әкімі 2 шағын аудан №17 үйдің тұрғыны Ш.Жанбаеваның өтінішіне сәйкес, аталған көпқабатты тұрғын үйдің 1-ші және 2-ші кіреберістеріндегі жылу жүйесі қалпына келтірілу, Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықовқа 2021 жылы қала аумағын газификациялау жұмыстары жүргізілуіне байланысты әр көпқабатты тұрғын үй мен жеке сектордағы тұрғындардың газды тарту мүмкіндігі зерделеніп, ақпарат ұсыну, қала аумағында орналасқан барлық жерлеу орындарын қоршау жұмыстарын жүргізу бойынша нақты шаралар қабылдану қажеттігін де қатаң ескертті.

Бүгінгідей ел болып елеңдеп, індеттің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқан, қиын-қыстау шақта аудан әкімінің орынбасары О.Көкеймен аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Б.Шалабаевқа аудан әкімі аудандағы сауда орталықтарындағы азық-түлік бағаларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп,бұл ретте әр дүкенде азық-түлік тауарларының баға көрсеткіштерінің болуы ескертілсін деген тапсырма берді.

Жергiлiктi тұрғындар қала әкімінің баяндамасын мұқият тыңдап болған соң, көкейлерiнде жүрген сауалдарын қойып, оған аудан әкімі тарапынан нақты жауаптар ала алды. Қойылған сұрақтар мен көтерiлген мәселелер жөнiнде жауапты мамандар тұрғындарға сол жерде нақты жауаптарын бердi.

Leave A Reply

Your email address will not be published.