Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

0 6

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарының сайлауына заңды тіркеуден өткен бес партия қатысатыны көпшілікке мәлім. 11 желтоқсаннан бастап «Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар сайлауына  кандидат ретінде тіркелгендер үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Партия белсенділері аудан көлемінде жергілікті халықпен кездесіп, партияның бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда. Осы орайда, ауылдық округтерді аралап, үгіт-насихат жүргізіп жатқан саяси ұйымның жұмыс барысы туралы аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Бақтияр Ақбаевтың бізге берген мәліметін назарларыңызға ұсынамыз.

Байзақ аудандық филиалында 21 бастауыш партия ұйымында 4 362 партия мүшесі бар. Бастауыш партия ұйымының төраға-төрайымдарының сапалық құрамына келер болсақ, білім беру саласынан — 16, денсаулық сақтау саласынан — 1, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері – 4.

Барлық бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері жоғары білімді болса, олардың арасында әйелдер — 10, ерлер – 11 адамды құрайды. Аудандық филиалдағы 21 бастауыш партия ұйымдары кабинеттермен қамтылған.
17 тамыз бен 29 қыркүйек аралығында праймеризге қатысатын 71 кадидаттар тіркелді. Бастауыш партия ұйымынан ұсынылғандар саны 21 болса, 50-і өзін-өзі ұсыну жолымен тіркелгендер. Оның ішінде, әйелдер – 28 (38,8%), жастар – 26 (36,1%), көп балалы аналар – 8 (11,1), отандастар – 9 (12,6%), мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 1 (1,4%), адам.

Праймеризге қатысушылармен 73 үгіт-нәсихат кездесулер мен 13 пікір-сайыс  өткізілді. Праймериз 16 сайлау орындарында өткізілді. Оның ішінде, 15 сайлау орындарында онлайн, 1 сайлау орында (Мырзатай) офлайн дауыс беру өткізілді. Офлайн дауыс беруге 333 (7,6%) партия мүшелері қатысты. Праймеризге аудандағы партия мүшелерінің 95%, немесе 4 125 партия мүшелері қатысты.

«Nur Otan» партиясының алдын — ала партияішілік іріктеу (праймериз) нәтижесінде Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттығына 1 кандидат, облыстық мәслихат депутаттығына 5 кандидат, аудандық мәслихат депутаттығына 34 кандидат партиялық тізімге тіркелді. Оның ішінде әйелдер — 15 (34%), 35 жасқа дейін жастар – 8 (23,5%) құрады.

Ауданда бүгінгі күнде 40 партия мүшелерінен құрылған сайлауалды штаб жұмыс атқарады. Оның ішінде, қоғамдық штабы мен аппараттық штаб қатар қызмет етуде. Аталған аппараттық штабта 15 адам бар болса, оның ішінде, ақылы төлеу келісім шартпен 7 адам қамтылған. Штаб 4 ноутбукпен жабдықталып, интернет желісіне қосылған.

Шаралар өтетін орын егелерімен 24 және БАҚ өкілдерімен 20 (облыстық телеарналар, облыстық және аудандық газеттер, сайттармен), ақылы негіздегі 7 адаммен, 1 блогермен, 1 оператормен, имидждік материалдарға жалпы 54 келісім-шартттар жасалған.

Аудандық филиалда 117 сенімді өкілдері мен облыстық және аудандық партиялық тізімге енгізілген 40 кандидатқа куәліктер табысталды. Аудандағы әр 39 сайлау учаскелеріне 3 партиялық бақылаушыдан бекітілді. Үгіт — насихат жұмыстарын ұйымдастыратын 10 мобильдік топ құрылса, оған 1 808 белсенді қамтылған.
Аудан орталығында және елді мекендерде 52 билборд орналастырылған. Оның 6 орны «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат материалдарын орнатуға белгіленді. Ауданның 39 еріктілері 1-ші толқынға арналған үгіт-насихат материалдарын 32 тақтайшаға орнатылды.

«А 3» форматындағы үгіт-насихат құралдары (орыс, қазақ тілінде) 1513 дана;
«А 3» форматындағы «Қиындықты еңсеріп» үгіт-насихат құралдары 690 дана;
«А 4» форматында «Қазақстанның басты 7 жетістігі», «Қиындықты еңсеріп» үгіт-насихат құралдары 2768 дана;
«А 5» форматында осы тақырыптағы үгіт-насихат құралдары 5646 дана;
«А 6» форматындағы стикер 2962 дана.
Жалпы — 8 414 дананы құрады.

2020 жылдың 11 желтоқсанында аудандық штабының ашылу салтанаты ұйымдастырылып, барлық деңгейдегі БАҚ-да жарияланды. Желтоқсан айының 11-31 күндері аралығында желілік кестеге сәйкес, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлермен және сенімді өкілдердің қатысуымен 26 түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілсе, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттардың қатысуымен 9 іс-шара өтті.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен – 13;
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен – 13;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттардың қатысуымен – 9 .
Атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерде, аудандық партия филиалының сайтында және «Jambyl» және «77 TB» телеарналарынан, сондай-ақ, облыстық «Аg jol», «Аrai», аудандық «Ауыл жаңалығы» — «Сельская новь» газетіне жариялануда.
«Jambyl» телеарнасына – 4 сюжет;
«77 TB» телеарнасына – 4 сюжет;
«Аrai» газетіне – 2 материал;
«Ауыл жаңалығы» — «Сельская новь» аудандық газетіне – 8 материал;
Zhambylnews.kz сайтына – 5 материал;
Kazlenta.kz сайтына – 6 материал;
zau. kz сайтына — 1 материал жарияланды.

Сонымен қатар, желілік кесте бойынша «Есіктен — есікке»  акциясы аясында ауданға облыстық штаб мүшелері Мұратхан Шүкеев және Мұқаш Ескендіров ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
Аудандық сайлауалды қоғамдық штаб кестесіне сәйкес күнделікті онлайн және офлайн режимінде аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізілуде.
— онлайн режимде — 4 қабылдау;
— офлайн режимде — 5 қабылдау;

Қоғамдық қабылдауға келген өтініштер мен ұсыныстар жинақталып отырады. Бүгінге олардың жалпы саны 9 құрады.
Әлеуметтік сала бойынша -3.
Жер мәселесі бойынша -3.
Өзге де мәселелер бойынша -1.
Кәсіпкерлік саласы бойынша-1.
Жұмысқа орналасу бойынша-1.

«Nur Otan» партиясының Байзақ аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.