Тараз: Қоғамдық штабта қауырт жұмыс

0 0

Алдағы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттардың сайлауы өтеді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабы тарапынан нақты жұмыстар атқарылды. Бұл туралы үгіт-насихат шараларының қорытындысына арналған брифингте айтылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

— Тараз қаласында 11 округ барын ескере отырып, үгіт — насихат жұмыстарын ұйымдастыратын штаб мүшелерінен жасақталған 11 мобильдік топ құрылған.
Одан бөлек Тараз қаласында 167 еріктілер жасақталған. Кандидаттар мен еріктілер бөлінген 11 округ бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тиісті көрнекті құралдарды орналастырумен айналысуда.
Шағын және орта бизнес нысандарында шаралар өтетін орын иелерімен және БАҚ өкілдерімен келісім-шартттар жасалды.
Тараз қалалық филиалда 375 сенімді өкілдері мен Тараз қалалық партиялық тізімге енгізілген 37 кандидатқа куәліктер табысталды. Тараз қалалық әр 125 сайлау учаскелеріне 2 партиялық бақылаушылар және 1 партиялық сенімді өкілдер бекітілген, — деді «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Молдашев.

Алдағы сайлау науқанына байланысты 2020-2021 жылдарға арналған Тараз қаласы бойынша желілік кесте бекітілген. Оған жалпы 226 іс-шара енгізілген.
Қазіргі уақытта, дәлірек айтқанда 11 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Тараз қаласында жалпы 395 іс-шара өткізіліп, есептері уақытылы облыстық филиал мен орталық аппаратқа жолдануда.

Өткен шаралар бекітілген медиа жоспарларға сәйкес жариялануда.
2020 жылдың 11-желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін желілік кестеге сәйкес, облыстық және Тараз қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлермен және сенімді өкілдердің қатысуымен 89 түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілсе, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттардың қатысуымен 48 іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, желілік кесте бойынша «Есіктен — есікке» акциясы аясында 26 шара. Парламент Мәжілісіне кандидаттардың, облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырды. Канвассинг акциясы бойынша 20 шара өткізілді.
Тараз қалалық сайлауалды қоғамдық штаб кестесіне сәйкес күнделікті онлайн және офлайн режимінде қала тұрғындарымен 35 қоғамдық қабылдаулары өткізілді. Қоғамдық қабылдауға келген өтініштер мен ұсыныстар жинақталып отырады. Бүгінге олардың жалпы саны 80 құрады.

Қазіргі таңда, кандидаттар қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын үгіт-насихат жұмыстары арқылы жеткізуде.
Сонымен қатар, кандидаттар желілік кестеден тыс партияның бағдарламаларын өз еріктерімен насихаттауда.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.