Өңір тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы – «Nur Otan»-ның назарында

0 4

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісі депутаттығына кандидат С.Өсербаев жəне Т.Рысқұлов аудандық мəслихаты депутаттығына кандидатта М.Мейманханов пен Б. Бабасов Құлан ауылының тұрғыны,  денсаулық сақтау саласының ардагері Оразкүл Дәулетқұлованың шаңырағында болды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Канвассинг деп аталатын кездесу барысында кандидаттар кейуанаға «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған басымдықтармен таныстырды. Сондай-ақ кандидаттар денсаулық сақтау саласының ардагеріне партияның ықпалымен медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудағы жоспарларымен де бөлісті.

— Өзіңіз жақсы білесіз коронавирустық инфекция дүниежүзінің денсаулық сақтау саласына үлкен сынақ болды. Сіздің әріптестеріңіз жергілікті жерде дауасыз дертпен күреске барын салдыү Бұл орайда оларға әлеуметтік қолдау көрсету шараларына «Nur Otan» партиясы айрықша көңіл бөлді. Сонымн қатар алдағы уақытта партияның ықпалымен  денсаулық сақтау саласының  инфрақұрылымын дамытуға  көңіл бөілініп, тұрғындар үшін алғашқы медициналық көмекті қол жетімді ету үшін жұмыс жүргізіледі.Партияның пәрменімен 2025 жылға дейін 38 дәрігер шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіптік құзыреттілікті арттырады. Облыс аумағында  4  жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіледі. Жалпы өлім-жітім коэффициенті 6,55 тен 6,0-ге төмендейді. Жаңадан туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесіне 685 бірлік медициналық жабдық сатып алынады. Медициналық тәжірибеге диагностиканың, емдеудің және вакцинациялаудың жаңа жоғары технологиялық әдістер енгізіледі. Қабылданған шаралар нәтижесінде медициналық қызмет көрсету саласында халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарып, өңір тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72,7-ден 74,5 жасқа дейін артады, – деді кандидат М.Мейманханов.

Басқосу соңында Оразкүл Дәулетқұлова кейуанаға «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасының өзге де басымдықтарымен жақсы таныс екенін жеткізіп, партияға қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

 «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.