Талас аудандық сайлауалды штабында үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуы бойынша әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы онлайн брифинг болып өтті. Аталмыш шарада штаб басшысы Ғ.Қартабаев кандидаттардың белсенділігі мен штаб мүшелерінің жүйелі және қарқынды жұмыс жасауының, сондай-ақ ерікті жастардың көмегімен артылған міндеттерді ойдағыдай атқарып шыққанын атап өтті.
Сонымен қатар осы уақытқа дейін онлайн және офлайн форматтағы 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде 16 тікелей эфир өткізілгенін, сондай-ақ, қабылдау кестесіне сәйкес күнделікті онлайн және офлайн режимінде аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде жүргенін, есепті мерзімде 26 қабылдау, оның ішінде 23 қабылдау кандидаттармен, 3 қабылдау сенімді өкілдермен өткізілгенін жеткізді. Қоғамдық қабылдауда жалпы саны 98 өтініштер мен ұсыныстар келіп түскен.
Барлық кездесулер мен акциялар толықтай жарияланғанын тілге тиек еткен Ғалым Тамабекұлы:
— Медиа-жоспар аясында дәстүрлі БАҚ пен интернет ресурстарда 57 материал жарық көрді. Оның ішінде телеарнада 4 арнайы репортаж көрсетіліп, басылым беттеріне 17 мақала және 20 инфографика мен жарнамалық модуль шықты, сондай-ақ zau.kz, jambylinfo.kz, zhambylnews.kz, sn.kz сынды сайттарда 16 материал таралды. Бұдан бөлек әлеуметтік желілерге 350 пост салынды,-деді.
Халықты «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақыру жолында ұстанған бағыты мен ұсынған бағдарламасы жайлы 100% құлағдар ету маңызды рөлге ие болғанын назарда ұстаған штаб басшысы бұл ретте үгіт — насихат материалдарын орналастыруға 30 еріктіден тұратын 3 мобильдік топ жұмыс жасап, 3 бильбордқа және 16 тақтайшаға, сонымен қатар дүкендерге, сауда орталықтарына жалпы саны 16 173 үгіт-насихат материалдары орналастырылғанын ұмыт қалдырмады.
«Nur Otan» партиясының Талас аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.