Жаңа саяси бастамалар – заман талабы

0 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа сайланған құрамы алдында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен еліміздің жоғары басшылығының саяси бастамаларды тереңдетуге мүдделі екенін аңғардық.

Президент Мәжіліске сайланатын саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырып, бәсекелестікке жол ашқан болар еді.

Өз тарапымнан айтарым, осындай өту шегін барлық деңгейдегі мәслихаттарға да қолдануға болар еді. Тағы да айтатыным, көппартиялы аудандық мәслихатқа партия атынан депутат болып сайланғаныма қуаныштымын. Мәслихат қабырғасында басқа партиядан сайланған әріптестеріммен тіл табысып жұмыс істейміз деп сенемін.

Жаныбек ИСАЕВ,
«Қазақстан халық партиясы» атынан Жуалы аудандық мәслихатқа сайланған депутат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.