Хантау ауылдық округінің әкімі халық алдында есеп берді

0 3

Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округінің әкімі Ануар Сейтқазиев Қияхты елдімекенінде халық алдында есеп берді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиында округ әкімі 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндады.

Басқосуға аудан әкімі бас инспекторы Сайнұр Аманов, аудандық мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиналыс барысында ауыл тұрғындары ауылда футбол алаңшасы ашылса, көшелерге қоқыс жәшігін орнатып, мектеп пен медпунктке су жүйесі тартылса деген ұсыныс-тілектерін айтты.

Округ әкімі жиналыста айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлерді назарға алатынын ескрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.