Мойынқұм ауданының тұрғындары жыр алыбының рухына тағзым етті

0 5

Бүгін 28 ақпан күні қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына​ 175 жыл толды. Мерейлі датаға орай Мойынқұм ауданы орталығындағы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы алдындағы ескерткішке және Жамбыл ауылындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Жыраудың рухына тағзым ету үшін​ ​ ​ ауданның ​ зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды.​ Ақынның есімімен аталған Жамбыл ауылындағы орталық алаңда ауыл халқына арнап аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.