Қордай ауданындағы «құбыжық» туралы жалған ақпараттар желіге тарады

0 0

Ағымдағы жылдың 16 маусымында интернет желісінде  бейнежазба  жарияланып, оның  авторы  Қордай асуында белгісіз жануарды (құбыжық) қағып кеткені  туралы ақпарат таратқан. Тексеру барысында жамбылдық полицейлер роликтің шындыққа жанаспайтынын анықтады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

https://youtube.com/shorts/e1cJ7AStmsc?feature=share

Бұл бейнежазба  2020 жылы АҚШ-та түсірілген болып шықты. Онда американдық автор Джозеф-Роб Кобаскидің 3D- скульптуралық  мүсіні бейнеленген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатындығын еске салады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.