Т.Рысқұлов ауданындағы «Жеңіс» саябағы жаңа үлгіде жаңартылуда

0 5

Бүгінгі таңда Тұрар Рысқұлов ауданы орталығындағы «Жеңіс» саябағын көркейту жұмыстары қолға алынып, құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда. Жаңа келбеттегі саябақта спорт және «street work out» алаңшасы, сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, жаңа кейіпке енбек, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

«Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, шілде айында аяқталуға тиіс», — дейді құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ЖШС «АЙСУ СТРОЙЭКСПЕРТ» компаниясының мердігері.

Абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмай, жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда саябақ аумағында тал дарақтар, гүлдер отырғызылып, су жүйелері жүргізілуде. Сондай ақ, тротуарлар мен жаңа жиек жол және өрнектастар төселіп халықтың серуендеуіне барлық жағдай жасалуда.

Жоспарлы жұмыстар аяқталған соң, аудан орталығындағы бұл саябақ тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.