Ағымдағы жылдың 16 маусымында интернет желісінде бейнежазба жарияланып, оның авторы Қордай асуында белгісіз жануарды (құбыжық) қағып кеткені туралы ақпарат таратқан. Тексеру барысында жамбылдық полицейлер роликтің шындыққа жанаспайтынын анықтады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
https://youtube.com/shorts/e1cJ7AStmsc?feature=share
Бұл бейнежазба 2020 жылы АҚШ-та түсірілген болып шықты. Онда американдық автор Джозеф-Роб Кобаскидің 3D- скульптуралық мүсіні бейнеленген.
Жамбыл облысының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатындығын еске салады.