Голливудта «Оскар» номинанттары жарияланды

0 3

22 қаңтар күні Голливудта 98-ші «Оскар» сыйлығы номинанттарының тізімі жарияланды. Биылғы киноакадемия марапаттарды 24 санат бойынша табыстайды. Олардың әрқайсысында дәстүрлі түрде он фильм қатысатын негізгі «Үздік фильм» санатынан басқа бес номинант бар, деп хабарлайды DW. 

Марапаттау рәсімі 2026 жылдың 15 наурызында Лос-Анджелестегі Dolby Theatre-да өтеді және 200-ден астам елде тікелей эфирде көрсетіледі.

«Үздік фильм» атағы үшін он фильм бақ сынайды:

«Бугония» («Bugonia») — режиссері Йоргос Лантимос
«Формула-1» («F1») — режиссері Джозеф Косински
«Франкенштейн» » («Frankenstein») — режиссері Гильермо дель Торо
«Гамнет» («Hamnet») — режиссері Хлоя Чжао
«Ғаламат Марти» («Marty Supreme») — режиссері Джош Сафди
«Бір шайқастан кейін екінші шайқас» — режиссері Пол Томас Андерсон
«Құпия агент» («The Secret Agent») — режиссері Клебер Мендонса Фильо
«Сезімтал құндылық» («Sentimental Value») — режиссері Йоаким Триер
«Күнәһарлар» («Sinners») — режиссері Райан Куглер
«Арман пойыздары» («Train Dreams») — режиссері Клинт Бентли
«Үздік режиссура» атағына үміткерлер:

«Гамнет» («Hamnet») — режиссері Хлоя Чжао
«Ғаламат Марти» («Marty Supreme») — режиссері Джош Сафди
«Бір шайқастан кейін екінші шайқас» («One Battle After Another») — режиссері Пол Томас Андерсон
«Сезімтал құндылық» («Sentimental Value») — режиссері Йоаким Триер
«Күнәһарлар» («Sinners») — режиссері Райан Куглер
«Үздік деректі фильм» сыйлығы үшін таласатын картиналар арасында «Алабама шешімі» » («The Alabama Solution») — режиссері Эндрю Джареки, «Мені жақсы жағынан көр» («Come See Me in the Good Light»)- режиссері Райан Уайт, «Жартастар кесіп» («Cutting Through Rocks») — режиссері Сара Хаки, «Мінсіз көрші» («The Perfect Neighbor») — режиссері Гита Гандбир) және басқа да фильмдер бар.

Режиссер Райан Куглердің «Күнәһарлар» («Sinners») фильмі номинациялар саны бойынша абсолютті көшбасшы болды. 16 номинация! Америкалық киноакадемия тарихында басқа ешбір фильм соншалықты көп жүлде алған емес.

Бұдан басқа, номинациялар саны бойынша көш бастап тұрған басқа фильмдердің қатарында «Бір шайқастан кейін екінші шайқас», «Үздік фильм» және «Шетел тіліндегі үздік фильм» санатында мүсіншеге үміткер «Сезімтал құндылық», «Күнәһарлар» және «Ғаламат Марти» фильмдері бар.

Номинанттардың толық тізімін марапаттың ресми сайтынан көруге болады.

Жеңіске басты үміткерлер

«Алтын глобус» марапаттары дәстүрлі түрде болашақ «Оскар» жеңімпаздарын таңдаудың негізгі көрсеткіші болып саналады. Биыл олар маусымның ең үздік үміткерлерін анықтады.

Марапаттау рәсімінде ең көп талқыланған тақырыптардың бірі — «Шайқастан соң шайқас» фильмінде қартайған бүлікшінің басты рөлін сомдаған Леонардо Ди Каприо мен «Ғаламат Мартин» спорттық драмасындағы рөлі үшін Тимоти Шаламе арасында «Үздік актер» номинациясы бойынша таласы болды.

«Үздік актер» номинациясын Шаламе жеңіп алды, көптеген киносыншылар мұны «Оскар» үшін белгі ретінде қабылдады.

«Алтын глобустарлың» басты триумфаторы Пол Томас Андерсонның «Шайқастан соң шайқас» фильмі болды. Ол мюзикл немесе комедия санатында үздік фильм, режиссура және сценарий» үшін марапаттарға ие болды, сондай-ақ Тияна Тейлорға екінші пландағы актриса сыйлығын әкелді. Фильм «Оскар» номинациялары тізімінде көш бастады.

Жүлдеге ұсынылуы мүмкін фильмдердің қатарында Хлоя Чжаопоның Мэгги О’Фаррелдің романы бойынша түсірілген, Джесси Бакли мен Пол Мескалдың актерлік жұмыстары жоғары бағаға ие болған «Гманет» драмасы, Клебер Мендонс Фильоның «Құпия агент» саяси триллері және Стеллан Скарсгард «Алтын глобус» сыйлығын жеңіп алып, Еуропалық киноакадемияның сыйлығына ие болған «Сезімтал құндылық» фильмдері бар.

«Оскар» жаңалықтары

Биылғы жаңа «Үздік кастинг» санаты бөлек назар аудартып отыр Кинокадемияда актерлер мен актрисаларды таңдау фильмнің табысында маңызды рөл атқаратынын атап өтті және осы санатта «Үздік фильм» номинациясына үміткерлердің көбі ұсынылатыны күтіліп отыр.
Осы маусымның тағы бір ерекшелігі — дауыс беру ережелерінің қатайтылуы. Академия мүшелері дауыс беретін фильмдерді шынымен көргенін растауы керек. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл процесті ашық етуі тиіс.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.