Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеуге арналған онлайн-калькулятор іске қосылды

0
403

Оның көмегімен қазақстандықтар жәрдемақының алдын ала есебін дербес жүргізе алады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзінің www.enbek.gov.kz ресми сайтында орналастырылған атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеуге арналған онлайн-калькуляторды іске қосты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” AA 24.kz-ке сілтеме жасап.

АӘК мөлшерін есептеу үшін тұрғылықты өңірін, отбасы мүшелерінің санын, жиынтық табысын: еңбекақыны, алиментті, жеке қосалқы шаруашылықтан, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беру мен сатудан түскен табыстарды, кредиттен (микрокредиттен) түскен табыстарды, сондай-ақ басқа да табыс түрлерін көрсету қажет.

Сонымен бірге, АӘК мөлшерін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ жоғары және кәсіптік оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын 23 жасқа дейінгі студенттердің саны енгізіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған және табысы төмен азаматтар мен отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% – нан 70% – ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде, жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, бұрын АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгені құраған болса, келесі айдан бастап, әр балаға 20 789 теңге болады.

Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңестерді бірыңғай байланыс-орталығының «111» нөмірі арқылы алуға болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here