Өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында 662,8 млн.теңге қаржы бөлінді

0 0

Өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 662,8 млн.теңге қаржы бөлінді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Жорабек Нұрмергенұлының айтуынша, бөлінген қаржы көлеміне әлеуметтік оңалту құралдарға мұқтаж 5474 мүгедекті тиісті бұйымдармен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күнге 2362 мүгедек тиісті техникалық құралдарымен қамтылып отыр. Ал емдеу сауықтырумен – 1927, протез-ортопедиялық бұйымдармен-1185 мүгедекті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1432,7 млн.теңгеге 8483 мүгедек әлеуметтік көмекпен қамтылуда. Атап айтар болсақ, гигиеналық құралдармен – 3612 мүгедек, ымдау тілінің маманы қызметімен — 390 мүгедек, жеке көмекшінің қызметімен – 2175 мүгедек, арнаулы әлеуметтік қызметтермен – 2306 адам қамтамасыз етіліп отыр.

Басқармаға қарасты 12 медициналық әлеуметтік мекемелерде 1287 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда, оның ішінде 208-і мүгедек балалар.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 2103 мүгедек арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылған.

Оңалту орталықтарының желісін дамыту және көрсетілетін оңалту шараларының сапасын жақсарту мақсатында Сарысу, Байзақ, Жуалы, Талас және Меркі аудандарында психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл апапарттары бұзылған мүгедек балаларға сыйымдылығы шағын үйлер ашылу көзделіп отыр.

Облыс көлемінде мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бейімделуге тиіс 904 нысанға толығымен паспорттары дайындалып, 2013-2017 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 242,4 млн.теңгеге 708 нысанның бейімделу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы 124 нысан бейімделуден өткізуге жоспарланып, оған 60,6 млн.теңге бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.