Жамбылда облыстық «Полиглот» конкурсы өтті

0 12

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу құрметіне «Полиглот» облыстық конкурсы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Аталған шараға Жамбыл облысы ТЖ департаментіне бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Конкурс 5 кезеңді құрады. Әділ-қазы алқасы барлық қатысушыларды әділ бағалап үздік қатысушыны анықтады.

Конкурстың нәтижесі бойынша бірінші орынды Департаменттің Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқарамсының ақпараттандыру және халықты оқыту тобынының бас маманы азаматтық қорғау майоры Айсулу Тлеуқұлова иеленіп, 2018 жылғы 14 қыркүйекте Қарағанды қаласында өтетін республикалық «Полиглот» конкурсына қатысуға жолдама алды.

Ал қалған қатысушылар тиісті дипломмен және алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.