Жамбыл облысында этномәдени бірлестік жастары арасында «Мәдениет әлемі» байқауы өтті

0 6

Жамбыл облысында  этномәдени бірлестіктердің жастарына арналған «Мәдениет әлемі» атты байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың басты мақсаты ҚР халқының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіретін әлеуетті енгізу үшін жүйе құруға бағытталды.

«Сақтаушылар-мұрагерлер-жасаушылар» жобасы аясында этномәдени бірлестіктер жастарының арасындағы «Мәдениет әлемі» байқауы өтуде. Осынау байқау арқылы қазақ халқының тарихы, мәдениеті, көркем дәстүрлері туралы Қазақстан этностарының жалпы білім деңгейін арттыруымыз керек. Халық шығармашылығы шеберлерінің кәсіби және көркемдік деңгейін сондай-ақ, қазақ халқының құндылықтарын қабылдау, рухани игеру арқылы этностарды топтастыру басаты міндетіміз. Қазақ халық қолөнерінің мәдени және көркем дәстүрлерін жас ұрпаққа беруді қамтамасыз ету және жастарды қазақ халқының құндылықтарын тарату, ену, қабылдау процесіне тартуымыз қажет» — деді Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залы меңгерушісі, аталған жобаға жетекшілік етуші Вера Андреевна.

Байқауға облыстың сегіз этномәдени бірлестігінен және «Айбын» әскери-патриоттық клубынан он шақты қатысты. Байқау бағдарламасы барлығы үш турдан құралған. Қатысушылар бірінші турда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші турда ежелгі салт-дәстүрлерді қазіргі тұрмыста пайдалану туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, үшінші турда жеке шығармашылықтары ретінде, этникалық стильдегі киім үлгілерінің дефиле ерекшеліктерін көрсетті.

Қатысушыларға әділ бағасын берер қазылар алқасының құрамында – қазақ халық қолөнерінің дәстүрлі түрлерінде жұмыс істейтін тәжірибелі шеберлер, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық халық шығармашылығы көрмелері мен фестивальдерінің қатысушылары –  Сауле Мусаева , Құндұзбаева Раушан Иманәліқызы және Айнабекова Гүлзағира Бекболатқызы болды.

Қазақ халқының дәстүрлері мен халық шығармашылығына арналған байқауда барын салған жамбылдық этнос өкілдері келесідей дәрежелерге қол жеткізді. Бірінші орын — Клименко Полина «Днипро «Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мен Юсупова Тахминаға «Вынхуа» Жамбыл облысының дүнген мәдени орталықтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі» бұйырды. Екінші орын — Ерлан Ильяс «Айбын» әскери-патриоттық клубы» пен Газаева Салимат «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігі иеленеді. Ал, үшінші орын — Идрисова Фатимаға бұйырды.

«Вынхуа» Жамбыл облысының дүнген мәдени орталықтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі» мен Газаева Маргарита «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігі қанжығалады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қалған қатысушылардың барлығы қатысушылардың дипломдарымен және ынталандыру ақшалай сертификаттарымен марапатталды.

Байқау кезінде «Shugylakitap» ЖШС-нің Шымкент филиалының өкілі Татьяна Витальевна Левина баспаның жарнамалық ұсынысын айтып, баспа өнімдерінің рөлі туралы бейне ролик көрсетті.

Байқаудың финалында «Ою кадамдары» теориялық және практикалық сабақтарының төрт айлық курсында дәстүрлі қазақ қолөнері мен кәсіпшілігін зерттеу бойынша он бес халық шығармашылығының шеберлеріне сертификаттар табыс етілді. Сертификаттармен бірге оқу құралдары да табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.