Жамбыл облысында емдеу мекемелеріне жаңа көліктер берілді

0 0

Жамбыл облысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» қарсаңында аудандарға 40 – қа жуық арнайы медициналық жедел жәрдем көліктері салтанатты жағдайда тапсырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Атап айтқанда, Жамбыл және Жуалы, Шу аудандарына – 3 автокөліктен берілсе , Қордай ауданына – 11 автокөлік,  Меркі және Мойынқұм мен Сарысу аудандарына – 2 автокөліктен, Тұрар Рысқұлов ауданына – 9 автокөлік,  Талас ауданына -1 автокөлік табысталды.

Жалпы облыста 390 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Оның 29-аурухана, амбулаториялық — емхана саны–350, басқалары– 11. 
2018 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберіндегі 29 нысанның құрылысын салу барысында өзге өңірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып,  1,4 млрд теңге бюджеттік қаражат үнемделді. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде облыс аумағындағы елді мекендерде 65 денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарын салу жоспарланған. Осылайша, өңірде 2020 жылға дейін қажетті  ғимараттар салу мәселесі 100 пайыз шешіледі.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде облысымызға 2017 жыл мен 2019 жылдың 6 айында 256 жас маман келді.

Денсаулық сақтау министрлігінің бөлінісі  бойынша 185 жас маман облысқа жолдама алды. Оның ішінде 79-сі қалаға,106-сы ауылға.

2019 жылы 7 айында облысымызға 37 жас маман келді. Оның ішінде,өз еркімен келгендердің саны  — 20.

Жалпы, келген 37 жас маманның ішінде 9 жас маман — қалада, 28 жас маман — аудандарда еңбек етуде -деді іс шараның ашылу рәсіміне қатысқан  облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан  Дауылбаев.

Айта кетейік, қалалық жедел жәрдем станциясында 2014 жылы 56 санитарлық автокөлік болған, сол жылы облыстық бюджеттен 4 көлік алынып, барлығы көлік 60 болды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, жедел жәрдем қызметі орталықтандырылып, «Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы» болып өзгертілді. Айта кету керек, 2018 жылы 253,0 млн теңгеге 27 дана автокөлік сатып алынған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.