Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі фирмалық стилін таныстырды

0 0

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов БАҚ өкілдеріне Агенттіктің фирмалық стилін таныстырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дамыған және бірқатар дамушы елдерде мемлекеттік органдар ойластырылған көрнекі коммуникацияны кең қолданады. Бәріңіз FBI бас киімдерін, NASA жейделерін және басқа киімдерді, мысалы Нью-Йорк полициясын жақсы білесіздер. Қазақстанда қазіргі уақытта өзінің жеке коммуникациялық брендтері бар бірде бір мемлекеттік орган жоқ. Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін: біреулер оны маңызды деп есептемейді, басқалары ол туралы мүлде ойламайды. Біз басқаша санаймыз», – деген Нұрлан Жақсымбетов Агенттіктің минимализм стилінде жұмыс істейтін «Storm» коммуникациялық агенттігі және «Dimasso» графикалық дизайнерімен әзірленген жаңа логотипі мен эмблемасын таныстырды.

Елбасының және Президенттің мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты реттеу маңыздылығын, осы қашықтықты қысқартуды атап өткені белгілі. Бұл жерде әрине, ең бастысы жұмыстың мазмұны, оның сапасы екені сөзсіз. Дегенмен, байланыстың осы нысаны да өте маңызды. «McKinsey» консалтинг компаниясының зерттеулері көрсеткендей, сыртқы коммуникацияға тиісті көңіл бөлетін ұйымдар неғұрлым тиімді болады. Ол жеке секторға да, мемлекеттік секторға да қатысты.
Сондықтан Агенттік төрағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей фирмалық стилін жасау идеясын қолдады.

БАҚ алдында жарияланған Агенттіктің логотипі заманауи талаптар ескеріліп әзірленген. Ол қарапайым, бірден танылатын, тез бейімделетін және әмбебап болуы тиіс. Логотиптің тиімділігі ол қаншалықты басқалардан ерекшеленеді, түрлі тасымалдағышта қаншалықты көрінеді, баспа және цифрлық форматқа қалай бейімделеді, міне соған байланысты.

«Жаңа логотипте 2 элемент қолданылған: «А» әрпі және найзаның ұшы. Екі символды өзара оларды байланыстырып, стильдеп, жаңа коммуникациялық логотип шығардық. Жүргізілген жұмыстар барысында біз нысандық киімде және біздің әкімшілік ғимараттың ішінде қолданылатын елтаңбаны өзгертуді шештік. Ал, қолданыстағы орган эмлемасы ашық түрде ескірді. Оған қоса ол бұрын мемлекеттік қызмет мәселелерімен айналысқан агенттіктің міндеттерін бейнелейді», – деді Нұрлан Жақсымбетов.
Жаңа елтаңба бейнесі коммуникациялық логотипті және қалқан ішіндегі мемлекеттік тудағы қыранды үйлестіреді, ал төменде агенттіктің құндылықтары – әділдік, парасаттылық, сенім белгіленген. Яғни, елтаңба Агенттіктің осы құндылықтарды ұстанатынын көрсетеді.

Сондай-ақ, Агенттік стиліндегі фирмалық түстер де айқындалған.
Аспан түсі – әділдікті, кемелденуге, жаңаруға, теңдестікке ұмтылуды білдіреді. Ақ түс – парасаттылықты көрсетеді, тазалықпен, адалдықпен, пәктікпен байланысты. Көк – сенімді, қауіпсіздікті және сенімділікті бейнелейді.

-«Бұл бастаманың негізгі мақсаты – біздің жұмысты сыртқы ортамен жүйелеу, бірыңғай стильді құру. Сыбайлас жемқорлықты азайту жұмыстарында барлық құраушы маңызды, мен жоғарыда айтқандай, контенттің дизайны қазіргі уақытта маңыздылардың бірі»-деді Ол.

Фирмалық стиль дегеніміз- коммуникация нысандарының бірі. Тек ол сөзбен емес, көзбен көру және сезіну құралдары арқылы сезілуі тиіс.
Фирмалық стильдің болуы әлемдік корпорациялар мен оқшау бизнестердің жұмысының ажырамас элементі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.