Талас ауданында көпқабатты үйдің салтанатты ашылу рәсімі өтті

0 3

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесіне орай Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданы №49 көпқабатты үйдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы Конституция күні мерекесіне орай «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткен 49 үйдің салтанатты ашылу рәсімімен аудан әкімінің орынбасары С.Дадабаев құттықтады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауында: «ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ — тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы»- деп тапсырған болатын.

Осы Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бүгін 90 жанұя қоныс тойын тойлағалы отыр. Бұл, орта есеппен 280-300 адам қуанышқа бөленеді деген сөз, мемлекет қамқорлығын сезініп, болашаққа деген сенімі нығая түсетіні анық.

Ауданымыз, оның ішінде, Қаратау қаласында жаңа ғимараттар бой көтеріп, автокөлік жолдарының заманауи тұрғыда жөнделуі қаламыздың ажарын ашып, тұрғындардың еңсесін көтеруде.

Aтқарылып жатқан барлық тірлік адами капиталдың сапасын жақсарту, әлеуметтік жағдайын көтеру, кемел келешекке деген сенім көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.