Жамбыл облысында «үздік медицина қызметкері» байқауы өтті

0 16

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің медициналық қызметкерлердің персоналдық кәсібилігі мен біліктілігінің өсуін ынталандыру мақсатында  «үздік медицина қызметкері» байқауы өтті. Аталмыш байқауға Мекемеден мейіргер-құтқарушы Айдос  Әбілда,  фельдшер Алишер Ақпанбетов,  фельдшер Ердос Сметовтер қатысып, өздерінің біліктіліктерін сынға салды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Бірінші кезекте қатысушыларға өткізілгелі отырған «Үздік медициналық қызметкер» байқауының міндеті мен мақсатын түсіндірді. Аталған шара барысында медициналық қызметкерлердің персоналдық кәсібилігі мен біліктілігінің өсуін ынталандыру болып табылатындығын және байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған медициналық қызметкер Жамбыл облысының медициналық қызметкерлердің намысын қорғап Республикалық «Үздік медициналық қызметкер» конкурсына қатысуға мүмкіндік алатындығын айтылды.  Жамбыл облысы бойынша салауатты өмір салты жұмыстарына бағытталған «Зер-күміс» ЖШС бас маманы  Бибігүл Сарыбекова да арнайы қонақ ретінде қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан әрі жұмыс тәртібімен бекітілген ереже бойынша «Үздік медициналық қызметкер» байқауы өткізілді.

Жалпы байқау  үш кезең бойынша өрбіді, Таныстыру «визитті карточка», Отыз сұрақтан тұратын теориялық тапсырма, Тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар.

Байқау қорытындысын комиссия мүшелері бағалау парағы арқылы қорытындылап,  ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД  Өрт сөндіру қызметінің Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің фельдшері Ердос  Cметовті жеңімпаз деп танып, арнайы алғыс хатпен марапатталып, Республикалық «Үздік медициналық қызметкер» конкурсына жолдама иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.