Жамбыл облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні 232 құқық бұзушылық анықталды

0 3

Жамбыл облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілерінің 232 жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы анықталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толтырылған хаттамалардың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы жылдамдықты асыру бойынша – 85 құқық бұзушылық, 595-бабы бойынша маневр жасау ережелерін бұзу — 44, ал көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 591-бапқа сәйкес 42 хаттама, сондай-ақ 334-бабы бойынша  шығарындылардағы ластаушы заттар нормативтерінің артуы  32 бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, 9 жүргізуші 612-бап бойынша сақтандырудың жоқтығы, 6 жүргізуші 590-баптың 9-тармағымен міндетті техникалық байқаудан өткені туралы құжаттың болмағаны үшін жауапкершілікке тартылды, үш әкімшілік хаттама 571-баптың 2-бөлімі жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережесін бұзу және 590-бап 7-бөлім  көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау бойынша толтырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.