Тараз қаласында алимент мәселесі бойынша сот отырысы өтті

0 43

Тараз қаласының  прокуратурасы «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру шеңберінде алимент өндіру бойынша қадағалауды күшейтуді және заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауда. Аталмыш іс шара №13 орта мектепте өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сот отырысында Тараз қаласының прокуроры Ж.Сматов төрағалық етіп,  Қала әкімінің орынбасары К.Олжабай,  Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Б.Оразымбетов,  Жамбыл облысы әділет Департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы  Б.Шамғұнов,  Тараз қалалық ПБ-ның кадр жұмысы жөніндегі орынбасары С.Сексенбаев,  Тараз қаласы ПБ ЖПҚ бастығы  С.Мамытбеков,  Тараз қаласы ПБ 1-ПБ ЖПҚ бастығы  Б.Мейірбеков,   Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшысының орынбасары М.Едельбаев пен жеке сот орындаушылар қатысты.

Қала бойынша алимент бойынша атқарушылық іс жүргізулерінің және берешек сомаларының өсуі салдарынан Тараз  қаласының прокуратурасы ағымдағы жылдың 11 қазанында уәкілетті органдардың қатысуымен алимент өндіру бойынша қадағалауды күшейтуді және заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды талқылау бойынша мекеме аралық мәжіліс өткізді.

Аталған мәжілісте қала бойынша борышкерлермен кәмелетке толмағандардың пайдасына алимент тиісті түрде өндірілмеу себептері және олардың алдын алуы талқыланып, уәкілетті органдарға алдағы уақытта атқарылуы қажет іс-шаралардың орындалуы тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.