«Халықтық» атағын қорғау аттестациясы өтуде

0 23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын беру Ережесін бекіту туралы бұйрығын басшылыққа ала отырып, облыстық «Халықтық» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының кезекті атақ қорғау атестациясы 2019 жылдың 17-29 қазан аралығында өтеді, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев бастаған бірқатар сала мамандары аталмыш театрлардың жұмысын саралау мақсатында аудандарға іссапарға шықты.

Жалпы Жамбыл облысында 58 халық театры бар. Сараптау комиссиясы ат басын алдымен Талас ауданына бұрып, сондағы Халықтық театры мен ансамблдердің өнеріне баға беруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.