Қала аумағында жылыжай шаруашылығымен 0,87 га құрайтын «Рамазан» шаруа қожалығы айналысады

0 0

Қала аумағында жылыжай шаруашылығымен жалпы аумағы 0,87 га құрайтын «Рамазан» шаруа қожалығы айналысады. Қазіргі таңда шаруа қожалығықызанақ пен қияр көшетін отырғызып, күздік өнім алу жұмыстарын жүргізуде. Келешекте 0,87 га жерді 1 га дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі кезде қалада ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен 98 цех пен кәсіпорындар жұмыс істеуде, олардың басым бөлігі шұжық, кондитерлік және наубайхана цехтарына тиесілі. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны – 2158 адамды құрайды.

Жалпы қалада шаруа қожалықтарының жерлері 591 га құрайды. Онда 186,6 га жерге көкөністер, картоп 3,0 га, дәнді май және бұршақты дақылдар 25,9 га, қант қызылшасы 20,0 га, көп жылдық шөп 93,8 га және мал азығы дақылдары 261,5 га жерге егілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.