Тараз қаласында туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда

0 1

Тараз қаласында аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаламызды көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы» болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясын (арбат)  абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.

Бұдан бөлек, Шахристан» тарихи кешенінде өлкетану мұражайының,   көрме павильонының, «Руханият» орталығының, көркемдік бейнелеу өнері, қол-өнер шеберлері галереясының және «Ретро-фестиваль» амфитеатрының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Осы нысандармен қатар, тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.