Жамбыл облысында Республикалық ХІІ Президенттік олимпиаданың қашықтық туры өтті

0 3

23 қазан күні облыстық мамандандырылған дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында Республикалық ХІІ Президенттік олимпиаданың қашықтық туры өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Олимпиадаға 11 сыныпта оқитын 20 оқушы қатысты. Білімділер сайысының бірінші кезеңінде қатысушылар 120 минуттық тест тапсырмаларын орындаса, ІІ кезеңде 45 минуттық эссе жазды.

Республикалық ХІІ Президенттік олимпиаданың екі айналымынан сүрінбай өткендер дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. І орынды иеленген облыстық мамандандырылған дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Тәңірберген Ерғали І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (ноутбук) марапатталды, ІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (видеокамера) облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаттарының 11 сынып оқушылары Ермекбаева Есфирь мен Ажбағамбетов Арман марапатталды, ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (планшет) облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаттарының 11 сынып оқушылары Қолдасова Баянсулу, Ержан Айгерім, Жақсылық Жасқанат марапатталды. 14 оқушы облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар ағымдағы жылдың 15 қарашасында Теміртау қаласында өтетін республикалық кезеңде бақтарын сынайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.