Жамбылдық полицейлері табельдік қаруды қолданып, жасырынуға әрекет жасаған жүргізушіні ұстады

0 1

Тараз қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының «Қайнар-7» экипажының қызметкерлерімен патрульдеу барысында Мирзоян көшесіндегі №5 үйдің жанында маневрлеу ережесін бұзғаны үшін облыс орталығының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Тойота Камри-40» автокөлігі тоқтатылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Облыстық ПД баспасөз қызметіне сітеме жасап.

Алайда, жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, дауыс зорайтқышпен табельдік қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді елемей, «Жігер» тұрғын үй массиві бағытына қарай кетіп жасырынуға әрекет жасаған.
Қошанов көшесіндегі үйлердің біріне тоқтаған соң, жүргізуші автокөліктен шығудан бас тартып, тағы да қашып кетуге талпынған. Салдарынан полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтату мақсатында табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды. Ауаға- алғашқы ескерту оғы , қалғандары көлік дөңгелектері бойынша атылды.

Бұдан кейін жүргізуші тұрғылықты жері бойынша ұсталды. Куәландыру актісіне сәйкес, ол жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болған.
ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі маневр жасау ережелерін бұзу, 608-бабының 1-бөлігі жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы және 613-бабының 1-бөлігі полиция қызметкерінің талабын орындамау талаптарын бұзу бойынша хаттамалар толтырылды.

Қазіргі таңда көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Осы дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.