Тараз қаласында 2 алея, 2 саябақ, 1 сквер және 1 канал жағалауының қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты , — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
2018-2019 жылдары аралығында облыс орталығы Тараз қаласының сәулеттік келбеті айтарлықтай жаңартылып, көркейе түсті.
Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының III бағытын «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» Жамбыл облысында іске асыру мақсатында, облыс әкімінің бастамасымен Тараз қаласы аумағын дамыту, абаттандыру жұмыстары қолға алынды.
Ағымдағы жылы облыстың 80 жылдық мерей тойының тойлануына орай «Шахристан-этно мәдени» және «Тектұрмас»-этно тарихи кешендерінің құрылысы аяқталып, халықтың игілігіне пайдалануға берілгелі отыр.
Мұндай жұмыстар аудандарда да бастау алды. Аудан орталықтарындағы абаттандыру элементтерін бірыңғай стильге келтіру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан ортақ концепсия жобасы ұсынылды. Осы Концепция негізінде жобалар әзірленіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.