» Парасатты болашақ» тақырыбындағы эссе жазу байқауының жеңімпазы марапатталды

0 41

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен облыстық » Парасатты болашақ» тақырыбындағы эссе жазу байқауының жеңімпазы Юрий Гагарин негізгі мектебінің 9- сынып оқушысы Жасмин Құлбек Алғыс хатпен марапатталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Марапаттау шарасына департамент басшысының бірінші орынбасары Р. Төлебаев қатысып, дарынды оқушы Жасмин мен пән мұғалімі Айкенже Баймаханға өз тарапынан алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, оқушыларға «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы туралы әңгімелеп, бала күннен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен азаматтық ұстаным қалыптастыру туралы пікірімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.