Жамбыл облысында грант алған жобалар аясында 402 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бүгін бұл туралы ӨКҚ алаңында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Болатұлы айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында гранттық қаржыландыруға 339 млн. теңге бөлініп, 165 кәсіпкерге мемлекеттік грант берілді.