«ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ»

0 0

Бұл күннің негізгі мақсаты бүкіл адамзатты сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыру күні болып табылады.
Бүгінгі таңда осы індетпен күресуде қоғамының, яғни азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру бағытында ауқымды шараларды іске асыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында.
Жемқорлыққа қарсы қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша әртүрлі ақпараттық-түсіндіру, білім беру және азаматтардың құқықтық сауатылығын арттыру сынды шаралардың өткізілуі еліміздегі осы індетті жойылуына ықпал ететіні сөзсіз.
Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы Жарлығымен сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
Агенттіктің жаңа құрылымы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық беріп, басты құндылықтарын – әділдік, парасаттылық, сенім,-деп айқындады.
Қазіргі кезде Департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру мәселесінде бірнеше қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнатқан.
Оның бірі:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясыжәне «Жаңару» қоғамдық бірлестігі болса;
— кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, бірнеше жобаларды іске асыруда.
​Бүгінгі таңда Дербес 4 жоба ауқымды жұмыс жүргізуде:
Protecting Business and Investments – инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қолдауға, қорғауға бағытталған жоба;
Жоба аясында бизнесті құқықтық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру, қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық профилактикалық механизмдерді жүзеге асыру, бизнес-процестерді оңтайландыру және регуляторлық ықпал ету бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Бүгінгі күнге дейін Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті шетелдік және отандық инвесторлармен сыбайласжемқорлыққа қарсы қолдау көрсету туралы жалпы сомасы 366 млрд теңгені құрайтын 26 келісімге қол қойды. Шетелдік инвесторлар қатарында Германия, Иран, Чехия, Қытай елдері бар. Жоба аясында 17 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Саналы ұрпақ жобасы – еліміздің білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыруға бағытталған жоба. Алталған жоба аясында жоғарғы оқу орындары мен колледждерде арнайы бағдарламалар әзірленіп «парасатты мектептері» құрылса, студенттер арасында парасатты және ізгілік елшілерінің пулдары құрылып, аталған студенттер ағарту жұмыстарын насихаттауда.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы – мемлекет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
Бүгінгі күні Департамент облыстағы жергілікті атқарушы органдармен тұрақты байланыс орнату арқылы оларға бағынысты 900 мекеме өз бюджеттері туралы мәліметтерді Картаға толық енгізді. Карта арқылы, ата-аналардан негізсіз ақша жинау, көрсетілетін қызмет сапасын жоғарлату, бөлінген қаражат туралы ақпараттың қолжетімсіздігі, мемлекеттік мекемемен кері байланысының қиындығы,тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы байланыстың жабықтығы, жұмыстың аяқталу мерзімі мен көлемінің беймәлімдігі т.с.с.мәселелердің алдын алып, жоюға жол береді.
Және де аса ауқымды жобалардың бірі – Облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Жамбыл – Адалдық алаңы» жобасы. Бұл жоба – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға, халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталған. жоба аясында «адал жол», «сапалы жол», «халықтық заңгер», «парасатты отбасы» және тағы сол сияқты жобалар, акциялар мен байқаулер ұйымдасытырылуда.
Елбасымыз: Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске мүдделі болғаны жөн. Қазақстандықтар арасында бұл мәселеге немқұрайлы қарайтындар болмауы тиіс. Ең бастысы, жұртшылық жемқорлық көріністеріне төзбей, ол жөнінде хабарлап, сол бойынша ілкімді шаралар қабылдануы керек», – деген болатын. Сондықтан осы індетпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуі қажет.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.