Бірлік ауылында Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

0 39

13 наурыз- «Желтоқсан» көтерілісінің қаһарманы, жерлесіміз Қайрат Рысқұлбековтың туған күні. Осыған орай Бірлік ауылында Халық қаһарманың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараға мемлекеттік мен «Желтоқсан» мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Желтоқсан» мәдениет үйінде «Қайрат — халық батыры» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Бірлік ауылының әкімі Қ.Көпбаев: «Биыл Желтоқсан оқиғасына 34 жыл толып отыр. Осы оқиғаны ауызға алғанда, әуелі қайсар қазақ жастарымен бірге Қайрат ойымызға оралады. Қазақтың өжет ұлы биыл 54 жасқа толар еді. Жастығына қарамастан қайсар мінез танытқан ол бүгінгі ұрпаққа үлгі. Оның атын мәңгі есте сақтап, ерлігі мен өр мінезін ұлықтауымыз керек» -деді.

Жиылған қауым Желтоқсан боздақтарын бір минут үнсіздікпен еске алды. «Қайрат — халықтың ұлы. Қайран елім деп қыршынынан қиылған қазақтың батыр ұлы Қ.Рысқұлбеков бүгінгі ұрпақты алға жетелейтін және патриоттық рухта тәрбиелейтін үлкен тұлғалардың бірі» — деді «Желтоқсан» мәдениет үйінің меңгерушісі Л.Бірімқұлова. Дөңгелек үстелге қатысушылар кезекпен сөз алып, батыр ұлдың ұлт тарихында қалған орны мен ел тәуелсіздігін алу жолында жасаған ерлігі жайлы әңгіме өрбітті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.