Індетке қарсы күрес-баршаға міндет

0 2

Бүгін Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Садырқұлов ауылдық округ әкімдері мен бөлім,мекеме басшыларын жинап, прокуратура қызметкерлері мен Коронавирус індетімен күресіп жүрген медицина саласы басшыларымен келелі кеңес өткізді , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Басты мәселе-аудан аумағында індеттің алдын алу және оны болдырмау шараларын күшейту.
Санитарлық талаптарды қатаң сақтау,еліміздің мемлекеттік бас санитар дәрігері мен облыстық бас санитар дәрігер тарапынан бекітілген қаулы талаптарын қатаң сақтау бойынша кеңесті.
Аудан аумағында карантиндік шектеулер кезінде жабылған 264 нысанның 230-ына қайта жұмысын бастауға рұқсат берілген,алайда олардың арасында талап деңгейінде жұмыс атқара алмай отырғандарына мониторинг жасалып,күнделікті бақылауға алынған.

Сала басшыларына жағдайды бақылауда ұстау бойынша түрлі сауалдар қойылып,ұсыныстар берілді.
Аудандық прокуратура тарапынан арнайы мамандарға семинар-тренинг өткізу жоспарланды.
Полиция бөлімінің,ТмКҚСмҚББ қызметінің алгоритмі, ауылдық округ әкімдерінің халықпен жұмысы т б мәселелер жан-жақты талқыланды.
Әсіресе халық арасында отбасылық мерекелер мен іс-шараларды болдырмау мәселесі бойынша қатаң ескертілді.

Карантиндік шектеулер мен қаулы талаптарын бұзу фактілері бойынша шаралар қолдану жолдарын күшейтуді тапсырды.
Халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының талапқа сай жүргізілуіне баса көңіл бөлу қажеттігі ескертілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.